Текст песни Мейрамбек Беспаев Молдир Ауелбекова - Озинди кездестирмесем

Өзіңді ойлап сағынып жүрмін ғой жаным қамығып

Сертіме берік болғасын еркіме қалдым бағынып

Өзіңді кездестірмесем сезімнің сырын сезбес ем

Бақыттан басым айналып жер басып сірә жүрмес ем



Қайырмасы 2 x

Ұмыттым десем сенер ме ең

Тағдырға жазған көнер ме ең

Сағындым десем егер де

Шынымен іздеп келер ме ең



Өткізген бірге бал шағым бұлақтай мөлдір кәусарым

Тезірек келші тезірек аңсадым сені аңсадым

Өзіңді кездестірмесем бағасын бақыт білмес ем

Жете алмай саған амалсыз елесіңменен күн кешем



Қайырмасы 2 x

Ұмыттым десем сенер ме ең

Тағдырға жазған көнер ме ең

Сағындым десем егер де

Шынымен іздеп келер ме ең



Өзіңді кездестірмесем сезімнің сырын сезбес ем

Бақыттан басым айналып

Мейрамбек Беспаев Молдир Ауелбекова - Озинди кездестирмесем